Halyq Uni логотип
×

Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс: ҰҚК Жағалау күзетінде үшем қызмет етеді

Бір-бірінен аумайтын бозбалалар бірге мектепте, кейін колледжде оқыған

 Еркеғали Болатұлы 01.10.2023 | 17:26
Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс: ҰҚК Жағалау күзетінде үшем қызмет етеді
фото: Талант Құсайын

Ақтаудағы шекара бөлімінде үшем қызмет етеді. Ағайындылардың есімдері – Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

Бір-бірінен аумайтын бозбалалар бірге мектепте, кейін колледжде оқыған. Әскерге де жұбы жазылмай барып, Отан алдындағы борышын Орал қаласында Ұлттық ұлан сапында өтеді. Көп ұзамай, келісімшарт негізіндегі әскери қызметке шақырту алған. Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жағалау күзетінде жүр.

Үшем сарбазды ажырату қиын. Ағайынды Зекеновтердің жүріс-тұрысы, тіптен мінез-құлқы да бірдей. Әскери бөлім командирі психологиялық тестілеу нәтижелерінің де ұқсас болғанын айтып, таңдай қағады. Десек те бір айырмашылығы бар, Ақарыстың бойы сыңарларынан сәл ұзын. Бұл отбасыда тағы 3 бала тәрбие алған.

Мен кішісімін. Үшеуміз 2001 жылы туғанбыз, Ақтау қаласында. Үйде 2 ағамыз, бір қарындасымыз бар. Оқығанымыз – «су көлігін» пайданалу бойынша матрос, - дейді қатардағы жауынгер Жанарыс Зекенов.

Үшем жауынгер бала кезінде каратэ, самбомен айналысқан. Сондай-ақ жеңіл атлетикадан жарыстарға қатысып, жақсы нәтижелер көрсеткен. Шекара бөліміне келген аз уақытта бәрі бірдей «үлгілі сарбаз» атанып, мақтау қағазымен марапатталған.

Жұмысқа кірген кезде оларды ажырату өте қиын болатын. Уақыт өте көзіміз үйреніп, Ақарысты жақсы ажырататын болдық. Ал осы күнге дейін Бекарыс пен Жанарыстың аттарын шатастырамыз. «Ақарыс қайда?» десем, «мен Ақарыс» деп, «Жанарыс қайда?» десем, «мен Жанарыс» деп, сондай уақыттар болған арамызда, - дейді ҰҚК Жағалау күзеті 1-дивизионының бас старшинасы Серік Жәлелов.

Ақарыс, Бекарыс және Жанарыстың әскердегі қызметі келесі жылы аяқталады. Содан кейін олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара академиясына бірге құжат тапсырмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама