Олардың бесеуі дүкенге баруға сұранған...
Атыраудан Алматыға спорттық жарысқа келген 6 жасар бала қаза тапты. Қайғылы оқиға балалар дүкенге сұранып кеткен кезде болған. Бұл туралы Аtpress.kz хабарлады.
Басылымның мәліметінше, қайғылы оқиға 30 қыркүйекте түс ауған уақытта болған. Бір топ бала жеке спорт клубының жаттықтырушысымен бірге AIGA Grappling сияқты жекпе-жек спортының бір түрі бойынша ARLAN GRIP KUZ OPEN (AIGA) халықаралық турниріне қатысу үшін Атыраудан Алматыға келген.
«Байқоңыр» спорт клубының жаттықтырушысы жарысқа 12-14 жас аралығындағы жасөспірімдерді апарған. Бір топ бала атыраулық спортшылар тұрақтаған жерде болған. Олардың бесеуі дүкенге баруға сұранған. Салдарынан 6 жасар И.Ж. оқыс оқиғаға ұшырап, қаза тапқан.
Оқиға туралы Алматының құқық қорғау органдарына хабарланып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мәліметтер нақтылану үстінде.