Halyq Uni логотип
×

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС–нің заңсыз нұсқаулары жойылды

Қойылған шектеулер кәсіпкерлер тарапынан сынға ұшыраған

 Динара Амантай 30.09.2023 | 14:43
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС–нің заңсыз нұсқаулары жойылды
Фото: Halyq Uni

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС–нің заңсыз нұсқаулары жойылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бас көлік прокуратураның мәліметінше, ведомство наразылығы бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің жеке тармақ иелері мен жүк иелерін өздерінің тиеу алаңдарын заңнамада көзделмеген талаптарға сәйкес келтіруге, олардың кірме жолдарын ашу үшін құжаттар топтамасын ҚТЖ-ЖТ-ға ұсынуға міндеттейтін, сондай-ақ ҚТЖ-ЖТ филиалдарына жеке кірме жолдарды тексеруге мүмкіндік беретін заңсыз телеграф нұсқаулары жойылды.

Бұған дейін ҚТЖ-ЖТ 1 қазаннан бастап осы шектеулердің енгізілгені туралы хабарлаған болатын. Алайда олар кәсіпкерлер тарапынан негізделген сынға ұшыраған.

Телеграфтық нұсқауларды зерделеу кезінде кәсіпкерлерге қойылатын шектеулер ешқандай заңнамаға негізделмегенін, ал оларда көрсетілген өз филиалдарына жеке кірме жолдарды тексеруді жүргізу тапсырмасы Кәсіпкерлік кодекстің нормаларына қайшы келетінін және уәкілетті мемлекеттік органның функцияларын ауыстыруға әкеліп соғуы мүмкін екенін көрсетті, – делінген прокуратура хабарламасында

Бас көлік прокуратураның наразылығы толық көлемде қанағаттандырылып, телеграфтық нұсқаулар заңсыз деп танылды әрі олардың күші жойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама