Halyq Uni логотип
×

Елордада героин өткізу арнасы анықталды

Жыл басынан бері қалада есірткіге қатысты 269 қылмыс ашылған

 Қымбат Елтайқызы 14.05.2022 | 22:30
Елордада героин өткізу арнасы анықталды
фото: Halyq Uni

Астаналық полицейлер героин есірткі затын өткізу арнасының әрекетіне жол бермеді.

«Жедел іс-шаралар жүргізу кезінде есірткі сатқаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған 35 жастағы күдікті ұсталды. Құрықталған адамның тұрғылықты жерін қызметтік-іздестіру итін қолданып тінту барысында героиннің 18 бір реттік дозасы табылып, тәркіленді», - дейді Нұр-Cұлтанның полиция департаменті.

Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізгені үшін қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазір ұсталған азамат қамауға алынды.

«2022 жылдың басынан бері елорда аумағында есірткіні өткізуге қатысы бар бір ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді, 3 есірткі зертханасы жойылды, заңсыз айналымнан 130 келіден астам түрлі есірткі құралы, оның ішінде 17 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Есірткіге қатысты 269 қылмыс ашылды. Оның ішінде аса ірі көлемде есірткіні сақтау мен өткізу фактілері бойынша ауыр және аса ауыр санатқа жатқызылған 78 қылмыс ашылды» - деді қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Ақбаров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама