Астанада Украинадағы соғысты айыптаған ресейлік рэпер ұшаққа кіре алмады
Мен өз елімнің жасаған, жасап жатқан сұмдық қылмыстары үшін жауап беруге дайынмын, - деді әртіс
Астанада «Лигалайз» лақап атымен танымал ресейлік рэпер Андрей Меньшиков Польшаға ұшақпен ұша алмады. Оны Польшаның LOT әуе компаниясы ұшаққа кіргізбей қойды.
Әртістің әуе компаниясының шешіміне байланысты ұшаққа кіре алмағанын айтты.
Не деймін енді достар, мені компания ресейлік төлқұжатым үшін ұшаққа кіруге рұқсат бермеді. Мен Будвадағы концертімнің уақытын кейінге шегеруге мәжбүр болып отырмыр. Жағдай осылай болып тұр. Әуе компанияның шешіміне қарсылығым жоқ. Мен өз елімнің жасаған, жасап жатқан сұмдық қылмыстары үшін жауап беруге дайынмын. Бұл украиндықтар тартқан азаппен салыстырғанда түк емес. Соғыс тоқтатылсын, – деп жазды әртіс әлеуметтік желіде.
Бұған дейін Польшаның LOT әуе компаниясы сәуір айында ресейлік теннисші Виталий Дьяченконы ұшаққа мінгізбей қойған еді.
Әлеуметтік желіде әртісітң фанаттары әуе компанияның шешімін қолдап, комментарийлер де жазылып жатыр. Соның біреуінде «Әуе компания дұрыс істеді. Соғысқа барлық Ресей азаматтары жауап беру керек. Ұжымдық жауапкершілік деген болады. Одан ешкім құтыла алмайды», деген пікір де шыққан.