Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр
Жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жасырын іс-шаралар мен жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы әшкереленді.
Ол инвестициялық жобаларды іске асыру сылтауымен жеке тұлғаларға мемлекеттік жер қорынан жер учаскелерін төмен бағамен заңсыз иемденуге жәрдемдесті деген күдікке ілінді. Шенеуніктің әрекеті салдарынан мемлекетке жер учаскелерінің құны түрінде жалпы көлемі 180 млн теңге залал келтірілді. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды, – делінген Антикор хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.