×

СҚО-да көктем шыққалы 260 адамды кене шақты

Былтыр өңірде бір адам кене энцефалиті ауруынан қайтыс болған еді

 Самат Жақып 14.05.2022 | 15:43
Кене, фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында наурыз айынан бастап 260 адамды кене шаққан. Оның 82-і он төрт жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.  Сәйкесінше мерзіммен салыстырғанда бұл 1,8 есеге көп. Мұндай ақпаратты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мәлімдеп отыр.

Паразиттердің жаппай қаптауына көктемнің ерте келіп, ауа-райының күрт жылынуы себеп болған.  Соңғы уақытта өңір тұрғындарының жаппай табиғат аясына демалысқа шығуы орын алып отыр. Сондықтан,  эпидемиолог дәрігерлер табиғат аясына шыққан кезде сақ болу керектігін ескертеді. Себебі, бұл қансорғыштардың түрлі жұқпалы ауруларды тасымалдайтыны белгілі. Мәселен, өткен жылы өңірде кене энцефалиті ауруының 9 жағдайы тіркеліп, бір әйел адам қайтыс болған еді. Сондықтан уақытылы вакцина алған жөн. Ал вакцина егу маусымы күз айларында жүргізіледі.

Тек соңғы аптада 86 адамды кене шағып алды.  Ал оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 24. Күн жылыған соң, кенелер қаптай бастады. Сақ болуымыз керек.  Табиғи ошақтық инфекциялардың ішінде ең қауіптілерінің бірі – кене вирустық энцефалиті. Абырой болғанда биыл әзірге бұл ауру өңірде тіркелген жоқ. Жалпы кене энцефалиті адамның орталық жүйке жүйесінің басым бөлігін зақымдайтын жіті инфекциялық ауру. Оның арты мүгедектікке тіпті өлімге де әкеліп соғуы мүмкін. Иксодтік кенелер осы індетті таратушы болып табылады. Қорғанудың бір жолы жолы бар. Ол вакцинация.Аймақта табиғат ошағында ошағында жұмыс істейтін адамдар үшін әр үш жыл сайын күздің соңында егу жұмыстары жүргізіледі – дейді  Солтүстік Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментнің бас маманы Айнаш Сағандықова.

Былтыр өңірде кене энцефалитінен бір адам көз жұмды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама