Оның тұрғылықты жерінен діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді
Бүгін ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады.
Ол әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деген күдікке іліккен, - деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.
Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталған екен. Бұл жолғы тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жерінен діни кітаптар мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.