Halyq Uni логотип
×

Батыс Қазақстан облысында деструктивті діни ағым өкілі ұсталды

Оның тұрғылықты жерінен діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді

 Еркеғали Болатұлы 27.09.2023 | 17:40
Батыс Қазақстан облысында деструктивті діни ағым өкілі ұсталды
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Бүгін ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады.

Ол әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деген күдікке іліккен, - деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.

Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталған екен. Бұл жолғы тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жерінен діни кітаптар мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама