Оның осындай басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті 1986 жылы туған қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алаяқ өзін құқық қорғау органдарының қызметкері, жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісі ретінде таныстырып, әртүрлі мәселелерді шешу бойынша өз қызметтерін ұсынған.
Сондай-ақ алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы азаматтардың мүлкін аса ірі көлемде жымқырған. Ақшалай қаражат мемлекеттік органдарда оң шешім қабылдатуға арналған, – делінген Антикор хабарламасында.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның осындай басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.