Halyq Uni логотип
×

Ел бойынша ұрлық көп жасалатын өңірлер аталды

Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді

 Динара Амантай 27.09.2023 | 09:14
Ел бойынша ұрлық көп жасалатын өңірлер аталды
Фото: Halyq Uni

Республика бойынша жыл басынан бері ұрлықтың (Қылмыстық кодекстің 188-бабы) 28,2% төмендегені байқалады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес, аймақ бойынша ең көп ұрлық фактісі Алматы қаласында (7 мың 154), Астана қаласында (3 мың 541), Алматы облысында (2 мың 197), Қарағанды облысында (2 мың 114), Қостанай облысында (1 мың 519), Ақтөбе облысында (1 мың 413) және Шымкент қаласында (1 мың 447) болған.

Ұялы телефондар ұрлығы 11,3% төмендеді. Еліміз бойынша барлығы 7 мың 967 (8 мың 984) аталған қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Олардың басым бөлігі: Алматы қаласында – 2 мың 287, Астана қаласында – 844, Алматы облысында – 576, Қарағанды облысында – 527, Ақтөбе облысында – 424, Абай облысында – 431 және Шымкент қаласында – 467 ұрлық.

Автокөлік ұрлығы бойынша да төмендеу байқалады. Барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Бұл өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 14,3% аз. Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың 3 мың 303-тен 2 мың 707-ге немесе 18%-ға төмендеу динамикасы байқалады.

Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Төмендеу – 17,7%. Мал ұрлығы фактілерінің көпшілігі Алматы облысында – 172, Батыс Қазақстан облысында – 124, Түркістан облысында – 124, Жетісу облысында – 93, Жамбыл облысында – 68, Абай облысында – 66 қылмыс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама