Отбасының шырқын бұзатындар қоғамдық жұмысқа тартылады
Жыл соңына дейін заңға түзету енгізіледі
Енді Қазақстанда отбасының шырқын бұзатындар қоғамдық жұмысқа тартылады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қоғамдық жұмыстарға тоқталайын. Мұнда заңдағы баптарға бұл норманы енгізу қажет. Конституцияда адамды сот үкімі бойынша ғана мәжбүрлі түрде еңбекке тартуға болады, яғни бұл қылмыс бойынша, - деді вице-министр Мәжілістің комитет отырысында.
Оның айтуынша, заңға түзету жыл соңына дейін енгізіледі.
Біз өзгерістер енгіздік. Әкімшілікке тиісті ұсынысты жаздық. Олар бізді қолдады. Бүгінде Әділет министрлігі жұмыс істеп жатыр. Қазір барлық өзгеріс қамтылған жаңа кодекс Мәжілістің қарауында жатыр. Жыл соңына қарай біз мұны қарастырамыз, қоғамдық жұмыстар болады, - деді Игорь Лепеха.