Halyq Uni логотип
×

Көкшетауда бөлім басшысы жемқорды жұмысқа қабылдағаны үшін жауапқа тартылды

Бұл Ақмола облысы Антикоррупциялық қызметінің мониторингі барысында анықталды

 Динара Амантай 26.09.2023 | 15:36
Көкшетауда бөлім басшысы жемқорды жұмысқа қабылдағаны үшін жауапқа тартылды
Фото: depositphotos

Көкшетауда бөлім басшысы адамды заңсыз жұмысқа қабылдағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

СЖҚА-ның Ақмола облысы бойынша департаментінің мәліметінше, Көкшетау қаласы құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы және сектор меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін мемлекеттік қызметтен босатылған.

Мемлекеттік мекеме басшысының міндетін атқарушы заң нормаларына қарамастан, бұрын жемқорлық қылмыс жасаған адамды сектор меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы ретінде жұмысқа қабылдады, – делінген хабарламада.

Бұл Ақмола облысы Антикоррупциялық қызметінің мониторингі барысында анықталды.

Мұндай әрекеттерге мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор басшылары үшін ҚР ӘҚБтК-нің 681-бабы бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Қызметкер құрылыс бөлімінің басшысы бола тұра лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Ал бұл мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салуға негіз саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама