Halyq Uni логотип
×

Отбасы күні: 15 жас жұбай «Бәйтеректе» некесін қиды

Ертең – халықаралық отбасы күні

 Қымбат Елтайқызы 14.05.2022 | 20:00
Отбасы күні: 15 жас жұбай «Бәйтеректе» некесін қиды
фото: әкімдік

Жыл сайын әлемде 15 мамырда отбасы күні аталып өтеді. Осы күн қарсаңында елордалық жас жұбайлар «Бәйтерек» монументінде неке куәліктерін салтанатты түрде алды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігі мәлімдеді.

Статистикаға сәйкес, Қазақстанда некенің көбі көктемде тіркеледі екен.

Астананың қақ ортасында некесін заңдастырған жұптардың бірі Сәния Қалау және Александр Денисенко болды.

Бұл күн ерекше есте қалады. Өйткені біз өз қуанышымызды өзге де ғашықтармен бөлістік. Біз өзіміз үшін ғана емес, қасымызда тұрған жандар үшін де қуандық. Мұның бәрін көп жылдан кейін сондай бір жылы сезіммен еске аламыз, – дейді Сәния.

Есіл ауданы АХАТ бөлімінің басшысы Раушан Зарирова айтқандай, атаулы күндер – некеге тұрғысы келетін қазақстандықтар арасында аса танымал.

«Бұл өмірде отбасы секілді маңызды ешнәрсе жоқ. Салт-дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек. Қоғамда жастардың ажырасқанын қаламаймыз. Сондықтан отбасы институтын кеңінен насихаттауға тырысамыз. Қазір қалыңдық пен күйеу жігіттің орташа жасы – 28 жас. Оларға берік махаббат әрі балалы-шағалы болуды тілейміз» – деді Зарирова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама