Шымкентте жоғалған оқушылар табылды
Бізге әке-шешеміз кездесуге рұқсат бермеді, - деді бір-біріне ғашық болған жасөспірімдер
Шымкентте жоғалған екі оқушы табылды. Polisia.kz-тің хабарлауынша, жасөспірімдер ата-аналарынан жасырын түрде кешкі серуенге шыққан.
Бізге әке-шешеміз кездесуге рұқсат бермеді. Сол себепті ата-аналарымызбен хабарласпай, асықпай серуендеп жүрдік, – деді табылған ғашықтар.
Полицияның хабарлауынша, әуелі 15 жастағы қыздың әке-шешесі тәртіп сақшыларына баласын таба алмай жатқанын айтып хабарласқан. Біраз уақыттан кейін полицияға бозбаланың ата-анасы да баласын жоғалтып алғандарын айтқан. Осыдан кейін Тұран аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдерді іздеуге кірісіп, жастар көп жиналатын орындарды тексерген. Олар саябақтарды, ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтарда болып, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын қарап шыққан. Нәтижесінде жасөспірімдер аман-есен табылып, отбасыларына қайтарылды.
Ата-аналар полицейлерге көрсеткен қызметі үшін алғыс білдірді.