×

Павлодарлық оқушы тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанды

Жарысқа 17 елден 200-ден аса оқушы қатысты

 Дәурен Ерболат 25.09.2023 | 14:53
Фото: Ольга Апельганец

Алматыда тоғызқұмалақтан өткен әлем чемпионатында павлодарлық оқушы Сапар Тамерлан жеңімпаз атанды, деп хабарлады Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы.

20-25 қыркүйекте Алматыда тұңғыш рет тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (15-17 жас) әлем чемпионаты ұйымдастырылды.

15 жас арасында тоғызқұмалақтың блиц түрінен Ақсу қаласы №2 БЖСМ оқушысы Сапар Тамерлан әлем чемпионы атанды. Бұған дейін ол тоғызқұмалақтан Қазақстан және Азия чемпионы атанған.

Чемпионатта 17 жасқа дейінгі тоғызқұмалақтың блиц түрінен Салахаддин Агитаев 3-орынды, рапид түрінен Надир Ахметов 2-орынды иеленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама