Ұлытау облысында «ДАИШ» құрамында болған содыр сотталды

Динара Амантай

Лаңкестік топтың әрекетіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды

Фото: Halyq Uni

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлытау өңірі тұрғындарының біріне қатысты терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыру мен лаңкестік топтың әрекетіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұлытау облысының Сәтбаев аудандық соты оны осы қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) құрамында болған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, содан соң шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстауға және 2023 жылдың маусымында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілуіне мүмкіндік туды, – делінген ҰҚК хабарламасында.

22 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.