Тінту кезінде атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді
Павлодар облысында «Ертіс орманы» мекемесінде ауқымды операция жүргізілді, деп хабарлады Polisia.kz.
Айта кетсек,18 қыркүйекте Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен «Ертіс орманы» ерекше қорғалатын аумағынан орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген болатын.
Полицейлер «Ертіс орманы» РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орман шаруашылығында, сондай-ақ бірқатар басшының тұрғылықты жері бойынша жиырмаға жуық санкцияланған тінту іс-шарасын жүргізді. Тінту кезінде құжаттамадан басқа, атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Бүгінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ормандағы ағаштарды заңсыз кесуге «Ертіс орманы» РММ лауазымды тұлғаларының қатысы бар болуы мүмкін.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.