Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

Дәурен Ерболат

Жарыс 24 қыркүйекте аяқталады

Фото: Ольга Апельганец

Алматыда тоғызқұмалақтан оқушылар арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі. 

Турнирдің ашылу рәсіміне Дүниежүзілік және Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Байменов, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов және Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қатысты.

Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша рапидтен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Қазақстан командасы 4 алтын медаль жеңіп алды:

  • Махмутжан Әзімхан,
  • Ернұр Батыр,
  • Айдана Молдабек,
  • Аяна Исахан. 

Алдағы екі күн бойы тоғызқұмалақтың блиц түрінен жарыс өтеді. Сондай-ақ турнирдің соңғы күні – 24 қыркүйекте жеңімпаздар марапатталып, турнирдің жабылу салтанаты өтеді.

Рапидтен жарыс қорытындысы төмендегідей:

U-15

Ұлдар

  • 1. Махмутжан Әзімхан (Қазақстан)
  • 2. Лес Зауытбек (Қазақстан)
  • 3. Нурел Султашев (Қырғызстан)
  • 3. Орландо Гвидо Вергель Бенитес (Колумбия)

Қыздар

  • 1. Айдана Молдабек (Қазақстан)
  • 2. Бахииана Тургуналиева (Қырғызстан)
  • 3. Еркежан Асанкулова (Қырғызстан)
  • 3. Мадина Есқайыр (Қазақстан)

U-17

Ұлдар

  • 1. Ернұр Батыр (Қазақстан)
  • 2. Надир Ахметов (Қазақстан)
  • 3. Баимбет Сейдахматов (Қырғызстан)
  • 3. Алехандро Даниэл Хирон Чилито (Колумбия)

Қыздар

  • 1. Аяна Исахан (Қазақстан)
  • 2. Балнұр Тілегенова (Қазақстан)
  • 3. Айана Турганалиева (Қырғызстан)
  • 3. Александра Жаворонкова Амиго (Испания)