Солтүстік, шығыс және орталықта үсік жүруі мүмкін
Синоптиктер 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Алдағы үш күнде Ақтөбе және Ұлытау облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік облыстарда, Қарағанды облысында жаңбыр жауады.
Шығыста және оңтүстік-шығыста жаңбыр, кей жерде нөсер жаңбыр жауады. Таулы аймақтарда түнде жаңбыр жауып, ол жабысқақ қарға айналуы мүмкін.
Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең -2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Күндіз республиканың батысында ауа температурасы 25-30 градусқа дейін жылыса, солтүстік, оңтүстік облыстарда және республика орталығында ауа температурасы 18-23 градусқа дейін, күндіз 18-23 градусқа дейін көтеріледі, шығыста ауа температурасы 7-13 градусқа дейін төмендейді.