Тексеру комиссиясының қаулысымен нұсқамалар жіберілді
Павлодар облысында 33 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Өңірлік тексеру комиссиясының отырысында «Күшті өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй сатып алуға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, Павлодар облысы мәслихаты депутатының, AMANAT партиясы Павлодар облыстық филиалы атқарушы хатшысының, сондай-ақ Павлодар облысының қалалары мен аудандарының әкімі орынбасарларының қатысуымен қаралды.
Жиында мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 32 млрд 894 млн 493,6 мың теңгеге қаражат көлемімен 6 объект, оның 2-еуі үстеме тексерумен қамтылғаны айтылды.
Заңнама нормаларының анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы – 33 млрд 319 млн 488,56 мың теңге.
Соның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар – 341 млн 476,87 мың теңге;
2) бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануы – 26 млрд 311 млн 436,2 мың теңге;
3) бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуы – 6 млрд 666 млн 575,49 мың теңге.
Қаржылық бұзушылықтардан қалпына келтіруге жататыны – 341 млн 476,8 мың теңге (соның ішінде жұмыстарды орындау жолымен 288 млн 11,49 мың теңге), өтелуге жататыны – 53 млн 465,3 мың теңге.
Бұдан басқа, 46 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді. Аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және оларға итермелейтін себептерді жою туралы нұсқамалар жіберілді.