Halyq Uni логотип
×

Алматының 900 мыңға жуық тұрғыны шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады

Мұндай жоғары көрсеткіштер Қазақстанның бірде-бір өңірінде жоқ

 Динара Амантай 22.09.2023 | 14:36
Алматының 900 мыңға жуық тұрғыны шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматы шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мегаполисте 2023 жылдың I тоқсанындағы мәліметтер бойынша 872 мың қала тұрғыны шағын және орта бизнеспен (ШОБ) айналысқан. Бұл – мегаполистегі барлық экономикалық белсенді халықтың 79,6%-ы.

Ranking агенттігінің мәліметінше, мұндай жоғары көрсеткіштер Қазақстанның бірде-бір өңірінде жоқ. Салыстырмалы түрде, Астанада осыған ұқсас кезеңде экономикалық белсенді халықтың ШОБ жұмыспен қамтылғандарының үлесі 72,8% болды. Еліміздің басқа өңірлерінде, соның ішінде Шымкентте бұл көрсеткіш жартысына да жеткен жоқ. Жамбыл және Ұлытау облыстарында ШОБ жұмыспен қамтылғандардың үлесі 30%-дан да төмен. Елімізде 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ШОБ-пен 4,1 млн адам қамтылған, бұл – өткен жылмен салыстырғанда, 14,4% артық.

Алматыдан басқа, жұмыспен қамтылғандардың саны Астанада – 499,4 мың адам және Түркістан облысында – 279 мың адам.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама