Бағдарлама тиісті мекемеге өтінімді автоматты жібереді
Қазақстанның блокчейн технологиялар қауымдастығы DATAmetrics отандық IT компаниясы өнімдерінің бірі – «Halyq Kozi» бағдарламасын сынақтан өткізді. Бұл туралы Қазақстанның блокчейн технологиялар қауымдастығы басқарма төрағасы Дәурен Қарашаев мәлімдеді.
Бағдарлама қаладағы барлық инфрақұрылымдық бұзушылықтарды анықтап, тіркейді. Атап айтқанда, өшірілген жол белгілері, жолдағы шұңқырлар, ауладағы қоқыс, жол белгілерін көруге кедергі келтіретін заттарды бағдарлама автоматты түрде тіркеп, тиісті органдарға өз бетінше жіберіп қана қоймай, сонымен қатар өтінімнің орындалу барысын да бақылауда ұстайды.
Құрылғы ықшам, пайдалану оңай және кез келген көлікке орнатуға болады. Бағдарламаны әртүрлі қажеттіліктерге сай баптауға мүмкіндік бар.
Басқаша айтқанда, жоба инфрақұрылымдық мәселелерді шешеді, сонымен қатар адам факторынан мүлде ада.
Біздің қауымдастық отандық IT-компанияларға жасанды интеллект, Web3 және блокчейн технологиясын танымал етуде және ілгерілетуде көмектесуге дайын, - дейді Дәурен Қарашаев.
Айта кетейік, DATAmetrics – соңғы екі жылда жасанды интеллект (Artificial Intelligence) негізіндегі өнімдерді белсенді түрде дамытып келе жатқан санаулы отандық IT-компаниялардың бірі.
Дәурен Қарашаевтың айтуынша, жасанды интеллектті (artificial intellegence) дамыту біздің еліміз үшін стратегиялық маңызды.