×

Жалақы көтеруді талап еткен жаңаөзендік мұнайшылар «Қазмұнайгаз» ғимаратының алдында жатыр

Сәуірден бері наразылық өткізіп жатқан «Кезбидің» өзге жұмысшылары да астанаға келуі мүмкін

 Еркеғали Болатұлы 13.05.2022 | 14:39
фото: azattyq.org

Еңбек жағдайын жақсартуды және тең жалақы беруді талап еткен жаңаөзендік «Кезби» мекемесінің бір топ мұнайшысы 12 мамырға қараған түні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында түнеп шықты.

Азаттық радиосының хабарлауынша, «Өзенмұнайгаздың» мердігер компаниясы жұмысшыларының астанаға келгеніне 11 күн болған. Бір аптадан аса уақыт ішінде бірқатар шенеунікпен кездескенін айтқан наразылар мәселелері әлі шешілмегенін, талаптары орындалмайынша астанадан кетпейтінін жеткізген.

Жалпы, Нұр-Сұлтанға мамыр айының басында келген 26 жұмысшы Энергетика министрлігіне, Бас прокуратура мен «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясына да барған. Оның ішінде Энергетика министрлігі мәселені шешуге біраз уақыт беруді сұраған. Бірақ содан бері бірталай уақыт өтсе де ол тараптан жауап жоқ. Енді жағдай осылай жалғаса берсе, Жаңаөзенде 18 сәуірден бері наразылық өткізіп жатқан «Кезбидің» өзге жұмысшылары да астанаға келуі мүмкін.

Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов Азаттық тілшісіне телефон арқылы мұнайшылардың талабын қарастырып жатқанын, оларды «Қазмұнайгаз» ғимаратына шақыратынын айтқан. Алайда ондай жиындардан нәтиже шықпайтынын, министрдің шығуын талап ете беретінін жеткізген жұмысшылар қазір «Қазмұнайгаз» ғимаратының алдында жатыр. Бүгін олардың біріне жедел жәрдем көлігі шақыртылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама