Атыраулық әйел 5 мың теңге пара бергені үшін аса ірі мөлшерде айыппұл арқалады
Ол тергеуішінің банк картасына ақша аударған
Атырау облысының тұрғыны 5 мың теңге пара бергені үшін аса ірі мөлшерде айыппұл арқалады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне төлем картасына заңсыз материалдық сыйақының түсу фактісі бойынша Атырау қаласы полиция басқармасы тергеушісінің баянаты түскен.
Атап айтқанда, жергілікті әйелдің ұлына қатысты істі жедел жүргізгені үшін 5 мың теңге көлемінде сыйақы бергені анықталды.
Нәтижесінде аталған тұлғаға заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін қысқартылған тәртіппен 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, – делінген Антикор хабарламасында.