×

9 жылдан бері халықаралық іздеуде болған қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

Азамат Астанадағы тергеу изоляторына қамалды

 Халық үні 21.09.2023 | 09:11
Фото: Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркиядан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады. Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 млрд теңгеге жуық, соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген, - делінген ақпаратта.

Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама