Halyq Uni логотип
×

«Әлемде алғаш рет»: Алматыдағы тойда неке қию рәсімін жасанды интеллект өткізді (ВИДЕО)

Нейрожелі мүмкіндіктерін қолданбау да әбестік болар еді, - дейді жас жұбайлар

 Еркеғали Болатұлы 20.09.2023 | 17:33
«Әлемде алғаш рет»: Алматыдағы тойда неке қию рәсімін жасанды интеллект өткізді (ВИДЕО)
фото: pixabay.com

Қазақстандық маркетологтар Айбол Қабылбаев пен Алина Құрбанова ерекше үйлену тойын жасады. Олардың неке қию рәсімін жасанды интеллект өткізген.

Жас жұбайлар үйлену тойынан қызықты видеоны Instagram-дағы парақшасында бөліскен. Олардың айтуынша, бұл – жасанды интеллект өткізген әлемдегі алғашқы неке қию рәсімі.

Біз маркетолог жұп ретінде үйлену тойымызда ерекше бір нәрсе жасағымыз келді. Нейрожелі мүмкіндіктерін қолданбау да әбестік болар еді. Сондықтан әлемде алғаш рет неке қию рәсімін жасанды интеллект өткізді. Ең үздік коллаборация – қазақтың тойы мен жасанды интеллект, - деп жазды жаңадан отау құрған жұп.

Желі қолданушылары жас жұбайлардың тың идеясына таңғалып, оларды құттықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама