×

Ақтөбеде 24 жыл жасырынған ресейлік кісі өлтіруші ұсталды

Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр

 Динара Амантай 20.09.2023 | 15:47
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбе полицейлері ресейлік құқық қорғау органдарынан 24 жыл бойы жасырынған қылмыскерді ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, криминалдық ПБ қызметкерлері 3 адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өз елінде іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстаған.

Ол 1999 жылдың күзінде Орынбор қаласында адамдар тобымен (бұрын сотталған және ұсталған 3 адаммен) алдын ала сөз байласып, қаржылай пайда табу мақсатында 3 азаматқа қарақшылық шабуыл жасап, өлтірген және қылмыс іздерін жасыру үшін олардың мәйіттерін өртеп, көміп тастаған, – делінген полиция хабарламасында.

Қазір ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама