Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында полицейлер жауапқа тартылды

Сотталғандар арнайы атақтарынан айырылды

 Динара Амантай 19.09.2023 | 16:32
Ақмола облысында полицейлер жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында полицейлер жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының мәліметінше, былтыр қазанда Көкшетауда 2 полицей дәмханада бұзақылық жасап, бір азаматтың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген болатын.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің алған жарақаттарына сот-медициналық сараптама қорытындысымен, сарапшылардың айғақтарымен, бейнебақылау камераларынан алынған бейнежазбамен расталды.

Жазаны тағайындау кезінде жәбірленуші кінәлілерді бас бостандығынан айырмауды өтінген. Осы жағдайды және сотталғандардың асырауында жас балалардың болуын ескеріп, сот екі полицейге 3 жылға бас бостандығын шектеу тағайындады. Жәбірленушінің пайдасына келтірілген моральдық зиян төлемі және адвокатқа жұмсалған шығындар өндірілді. Сотталғандар арнайы атақтарынан айырылды, – делінген сот хабарламасында.

Сот полиция департаментінің атына өзінің қарамағындағылардың қылмыстық құқықбұзушылық жасағанына мекеме басшысының тиісті бақылауы мен дербес жауапкершілігінің жоқтығы себеп болды деген жеке қаулы шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама