Оған екі бап бойынша хаттама толтырылды
Әлеуметтік желіде әйел мен кәмелетке толмаған қыздың төбелесіп жатқаны түсірілген видео тарады. Оқиға Ақтауда 34-шағын аудандағы №10 үйдің ауласында болған.
Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі «102» желісіне 17 қыркүйекте сағат 18:28 шамасында көмек сұрап қоңырау түскенін хабарлады. Хабарласқан қала тұрғынының айтуынша, көршісі оның мүгедек қызына қол көтерген.
Учаскелік инспекторлар фактіні растап, бөтеннің кәмелетке толмаған қызын ұрып-соққан 36 жастағы әйелге қатысты Кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігі және 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы істері бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.