Жол апаты бойынша сараптама тағайындалып, тексеру жүргізіліп жатыр
Қызылордада скутер тізгіндеген жасөспірім жол апатына ұшырады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 14 қыркүйекте сағат 14:30 шамасында Мұратбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында Nissan Juke автокөлігі мен скутер соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болған. Скутерді кәмелетке толмаған жасөспірім тізгіндеген. Ол бірден ауруханаға жеткізілді. Жол апаты бойынша сараптама тағайындалып, тексеру жүргізіліп жатыр.
Қызылордада мопедтердің, электроскутерлердің және микромобильді көліктің басқа түрлерінің қозғалысына қатысты мәселе бар. Көбіне осы көлік түрлерін жүргізетін адамдар жол жүру ережесін бұзады, сол арқылы басқа жүргізушілерге және жолаушыларға қауіп төндіреді. Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар, балаларыңызбен бірге қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын, – деп атап өтті басқарма бастығы Айдар Демегенұлы.