Halyq Uni логотип
×

Киіктер Қазақстанның Қызыл кітабына енбейді – Константин Плахов

2003 жылы Қазақстанда киік саны 20 мыңға дейін азайып кеткен

 Халық үні 19.09.2023 | 09:51
Киіктер Қазақстанның Қызыл кітабына енбейді – Константин Плахов
фото @ Батыр Беспаев

Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Зоология институтының биоценология және аңтану зертханасының меңгерушісі Константин Плаховтың мәлімдеуінше, киіктер ҚР Қызыл кітабына енгізілмеген.

«2003 жылы киік саны 20 мыңға дейін азайып кетті, сосын киік популяциясын қалпына келтіру үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылданды. Алайда осының бәріне қарамастан киіктер ҚР Қызыл кітабына енбегенін айта кету керек. Бірақ киікті Қызыл кітапқа енген жануар деп санайтындар көп», - деп жауап берді Плахов.

Институт өкілі бұл пікірмен келіспейтіндерді ҚР Қызыл кітабына бір көз жүгіртуге шақырды.

Оған қоса, Қазақстанда сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің тізімі бар және киіктер ол тізімге де енбейді. Себебі, бұл киіктердің жылдам азайып, тез көбеюімен байланысты, - деп қосты Плахов.

Зоология институтының өкілі Константин Плахов киіктердің жаппай қырылуына әсер ететін факторларды атады: ауру, құрғақшылық және жұт.

Еске салайық, биыл 15 сәуір мен 5 мамыр аралағында жүргізілген әуе санағының нәтижесі бойынша Қазақстандағы киік саны 597 мың басқа артқан. Өсім – 45,3%. Олардың ішінде айтарлықтай көбейгені – Орал популяциясы (1,13 млн дарақ). Бетпақдала – 745 300, Үстірт киігі – 39 700. Мәжілістегі «Ауыл» фракциясының депутаттары Қазақстандағы киік санын тез арада реттеуді ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама