Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтің тарифі азайды

Тобыл кентінде 2 мыңнан аса адамның құқығы қорғалды

 Динара Амантай 19.09.2023 | 09:36
Қостанай облысында тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтің тарифі азайды
Фото: Halyq Uni

Қостанай облысында тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтің тарифі азайды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бейімбет Майлин ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша монополияға қарсы органы Тобыл кентінің тұрғындары үшін «Тобыл» МКК-ны жүргізетін жылумен, сумен жабдықтауға және су бұруға тарифтерді азайту жөнінде шаралар қабылдап, өтемдік тариф енгізді.

«Тобыл» МКК-ның қызметінде тарифтік сметаны орындамау және 2022 жылға 79 млн теңге көлемінде амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды. Тұрғындарға келтірілген залалды өтеу мақсатында «Тобыл» МКК-ны 2023 жылғы 1 қазаннан бастап тарифті 4 мың 547,33 теңгеден 3 мың 655,60 теңгеге дейін, ал кәсіпкерлер үшін 5 мың 784,14 теңгеден 4 мың 649,87 теңгеге дейін азайтады, – делінген прокуратураның хабарламасында.

Сондай-ақ сумен жабдықтау тарифі 524,95 теңгеден 408,19 теңгеге дейін және су бұруға 266,08 теңгеден 234,84 теңгеге дейін азаяды.

Осылайша, Тобыл кентінің 2 мыңнан астам абонентінің, оның ішінде 87 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама