Halyq Uni логотип
×

Жезқазғанда ер адам танысын пышақтап кеткен

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 18.09.2023 | 17:54
Жезқазғанда ер адам танысын пышақтап кеткен
Фото: Halyq Uni

Жезқазғанда ер адам танысын пышақтап кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қалалық ПБ-ға үйлердің бірінің ауласында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы бірнеше пышақ жарақатын алған 35 жастағы ер адамды тапты. Жәбірленуші есін жимастан, медициналық мекемеде қайтыс болды.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полицейлер күдікті 29 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ұсталған азамат бұрын таныс болған жәбірленушімен дәмханада сөзге келіп, жанжалдасқанын мойындады. Жанжал көшеде жалғасып, күдікті қарсыласына бірнеше рет пышақ салып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қылмыс құралы тәркіленді, – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама