Ақтөбеде ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Ақтөбеде ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 15 қыркүйекте кешкі уақытта ломбард ғимаратына медициналық бетперде мен күн көзілдірігін киген белгісіз адам кіріп, тапаншаға ұқсас затпен кассадан 1 млн теңге ақшасын ұрлап, белгісіз бағытта қашып кеткен.
Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Күдікті уақытша үстау изоляторына қамалды.