Шахтадағы апат салдарынан 5 кенші қайтыс болған еді
Үкімет жанынан құрылған арнайы комиссия «Қазақстан» шахтасындағы апатқа жауапты 28 тұлғаны анықтады, оның екеуі Үндістан азаматы (қалғандары – қазақстандықтар), деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Комиссия бес кеншінің өліміне әкелген «Қазақстан» шахтасындағы қайғылы оқиғаны тергеу жұмысының қорытындысын жариялады.
Комиссия апат кезінде пайдаланылатын ленталық конвейер, автоматты бақылау жүйесі, өзін-өзі құтқару жүйесі, аудиожазбаларға және т.б. техникалық құрылғылар мен жабдықтарға бірқатар арнайы сараптама жүргізген.
«Сараптама қорытындысына сәйкес, комиссия апаттың негізгі себептерін анықтады. Бірінші – көмір конвейріндегі өрт механикалық жылу энергиясына ауысыуы салдарынан, яғни жоқ төсемнің конвейрдің бекітілген ролигіне үйкелуіне байланысты пайда болды. Екінші – «Қазақстан» шахтасының инженерлік-техникалық құрамының өндірістік бақылаудың болмауы. Сондай-ақ қауіпсіздік техникасын сақтамау және энергомеханикалық қызметтік бақылаудың әлсіз екендігі анықталды. Үшінші - қауіпсіздік талаптары мен техникалық реттеу нормаларының бұзылуы. Бұл жоғары төсемені сәйкестік сертификатынсыз пайдалану, қауіпті шахталарда орташа жанғыш материалдардан жасалған», - деді Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.
Бұдан бөлек комиссия еңбек заңнамасы бойынша бірқатар олқылық болғанын анықтады.
Позициялау жүйесіне қызмет көрсету жөніндегі мамандардың жеткіліксіздігі, басқару құрылымы өзгерген кезде оларды лауазымға тағайындағанға дейін басшылардың жауапкершілігіне лауазымдық нұсқаулықтардың болмауы. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз дәлелденді, заңнаманы бұзуға жол берген 28 тұлғаның жауапкершілігі анықталды, - деді министр.
«Қазақстан» шахтасындағы апатқа байланысты полиция Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Азаматтық қорғау туралы заңға сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жаттыр. Тергеу нәтижелері құқық қорғау органдарына беріледі. Қазіргі уақытта «Қазақстан» шахтасындаңы өрт әлі сөндірілген жоқ. Апаттық учаскедегі жағдайларға байланысты осы учаскені оқшаулау туралы шешім қабылданды. Яғни, оттегінің қол жетімділігін шектеу үшін 25 мамандандырылған қондырғы салынып жатыр. Қазір оның 18-і салынды, қалған жұмыс жалғасып жатыр. Авариялық-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін және шахтаның авариялық учаскесі қалпына келтірілгеннен кейін ондағы жұмысты қайта бастау туралы шешім қабылданатын болады», - деді министр.
Сондай-ақ министр апатқа жауапты 28 тұлғаның екеуі Үндісан азаматы екенін, қалған 26-сы қазақстандық екенін атап өтті.
28 тұлғаның ішінде бас директордың коммерциялық мәселелер бойынша орынбасары Мохан Винит, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ материалдық-техникалық жабдықтау бойынша басқарушы Пукле Шайлендер, көмір департаментінің техникалық директоры Андрей Белый сияқты лауазымды тұлғалар бар. Қалғандары шахтада істейтін жауапты тұлғалар. Олардың қамауға алынған-алынбағанын білмеймін. Ол біздің міндетімізге кірмейді, сол себепті ол туралы айта алмаймын, - деді министр.
Айта кетейік, 2023 жылдың 17 тамызы сағат 10:00-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды. Шахтада барлығы 227 адам болған. Сол күні шахтадан 222 адам жер бетіне шығарылды, қалған 5 кеншіні іздеу жұмыстары жүргізілді. Содан кейін олардың мәйіті табылды.
Биыл Қазақстанда кеншілердің кәсіби мерекесі 27 тамызға тура келді. Алайда биыл Қарағанды өңірінде мереке бірінші рет тойланбады. Оған осыдан тура 11 күн бұрын «Қазақстан» шахтасында басталған өрт салдары себеп болды.