Олардың жұмысы не үшін шектелгені де айтылды
Қазақстанда 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды, деп хабарлайды ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
«Аталған министрліктің ақпарат комитеті Қазақстан заңнамасы талаптарын сақтау тұрғысынан әлеуметтік медианы қоса алғанда, ақпараттық алаңға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Мониторинг республикалық әрі өңірлік баспа БАҚ, телеарналар, отандық және шетелдік интернет-ресурстарды қамтиды», – дейді ведомство.
2022 жылғы 1-30 сәуір аралығында «Байланыс туралы» Қазақстан заңының 41-1 бабының 1-1 тармағына сәйкес, уәкілетті органның ұйғарымымен 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды. Себебі олардан келесі заң бұзушылықтар анықталды:
Бұдан басқа комитет бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою бойынша жұмыс жүргізеді.
Биылғы сәуірде елімізде 22 БАҚ тіркелген. Оның 7-еуі - мерзімді баспа басылымы, 14-і - ақпарат агенттігі мен желілік басылым (6 АА, 8 ЖБ), 1-еуі - шетелдік телеарна. Сондай-ақ 38 БАҚ қайта есепке алынды. Осылайша, 2022 жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 5173 БАҚ тіркелген, оның ішінде 3672-сі - мерзімді баспа басылымы, 191-і - телеарна, 84-і - радио, 948-і - ақпарат агенттігі әрі желілік басылым (533 АА, 415 ЖБ). Отандық БАҚ – 4895, шетелдік БАҚ - 278. Тіркелген БАҚ-тың жалпы санының ішінен ең көбі - 3672 - баспа тобы, оның ішінде 2179-сі - газет, 1493-сі - журнал.