Сот енді құрылысты мүлде тоқтата тұруға шешім шығарды
Елордада салынып жатқан Tumar Exclisve көппәтерлі тұрғын үй кешенінің айналасында дау көп. Құрылыстың сәуірден бері заңға сай жүргізілмей жатқаны өз алдына, салып жатқан компания оған қатысты бірнеше сот шешімін қаперге ілмей келеді. Ал компанияның өзі қалалық мәслихаттың «АMANAT» партиясының мүшесі, VIII шақырылым депутаты – Нұрлан Мүслімге тиесілі.
Әңгімеге арқау болған тұрғын үй кешені Алматы ауданы, Тоқпанов көшесінің бойында. Алдымен құрылыстың құжаттарын реттеп алу керек екені жөнінде бірнеше рет сот шешімі шыққанымен жұмыс тоқтамаған. Сол үшін бірнеше рет айыппұл да арқалаған.
Мәселен, осы жағдайды анықтаған «Әділдік жолы» РҚБ Астана қаласы филиалының басшысы Дархан Құлжамбековтің айтуынша, компания әуелде үлестік шартпен үй салмақшы болып, онысы заңға қайшы келіп, ісі сотқа тартылады. Айыптау актісі бойынша, компания әлеуметтік желіде жарнамалап, аталған тұрғын үй кешенін салу үшін үлескерлерден ақша алады. Сол әрекеті үшін 23 мамырда сот шешімі шығып, 724 500 теңге айыппұл арқалайды.
Алайда мұнымен тоқтамай, құрылыс жұмыстарын жалғастыра берген. Сөйтіп, 6 маусымда тағы бір сот шешімі шығады. Бұл жолы үй салатын жер теліміне жергілікті атқарушы органның рұқсат беретін қаулысы жоқ екені анықталады. Оған тағы 72 450 айыппұл төлеп құтылады.
Дұрысы, «BN TRUST» ЖШС сол құжаттың бәрін әу бастан дұрыстап барып іске кірісуі керек еді. Алайда осы сот шешімдерінен кейін қаншалықты ретке келтіргені белгісіз, бірақ заң бойынша жергілікті атқарушы органға хабарламастан құрылысын қайта жандандырған. Негізі қалалық басқармаға хабарлама жіберуге міндетті. Сол олқылығы үшін үшінші рет 12 маусымда сот шешімімен 86 250 теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болады.
Құрылыс салушылар осылай үш қайтара сот шешімен жаза арқаласа да бетінен қайтпай, бәрібір де заңды аттап кете береді. Елорданың Қалалық орта сапасын бақылау және бақылау басқармасы тексеріс жүргізіп, тағы бірқатар кемшілік анықтап, 21 шілдеде шешім шығарады. Шешім бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату керек болды. Атап айтқанда: