«Денесін бөлшектеп, өртеп жіберген»: Қостанайда күзетшілер сарымсақ үшін адам өлтіруге барған
Күзетшілердің қанды қылмысты мас күйде жасағаны анықталды
Қостанай облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында «Краснопартизанское» бағбандар қауымдастығы тұтынушылар кооперативінің күзетшілеріне қатысты іс қаралып жатыр. Олар сарымсақ ұрлауы мүмкін деп күдіктенген ер адамның басын кесіп алған, деп хабарлайды өңірлік Tobolinfo басылымы.
«Краснопартизанское» бағбандар қауымдастығы тұтынушылар кооперативінің күзетшілері 35 жастағы Виктор Дьяченко мен 36 жастағы Андрей Мартыненко «адам өлтірді» деп айыпталуда.
Белгілі болғандай, 2021 жылдың 5 қыркүйегінде тұрғындардың бірі алты бас сарымсақ ұрланғанын хабарлаған. Ішімдік ішкен күзетшілер мұны «Краснопартизанскийдегі» жер телімінің иесі Кузов есімді азамат жасауы мүмкін деп күдіктенген. Содан күзетшілер мен Кузовтың арасында жанжал болып, соңы кісі өлімімен аяқталған.
Қылмысын жасыру үшін күзетшілер ер адамның денесін бөлшектеп тастаған. Басын арамен кесіп, өртеп, денесін үйдің ауласына көмген. Алайда екі күннен соң мәйітті қазып алып, Тобылға апарып, қамыстың арасына тастаған.