Еліміздің барлық өңірінде «Kieli Tabigat» экологиялық акциясы өтті

Ербол Тұрымбет

Акцияға 2 мыңнан астам адам қатысты

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен 16 қыркүйек күні еліміздің барлық өңірінде сакралды нысандарды және ұлттық табиғат парктерінің аумағын тазалауға бағытталған «Kieli Tabigat» республикалық экоакциясы бастау алды. 

Экоакцияға 2 мыңнан астам адам қолдау білдіріп, қатысты. 

Акция аясында тазалау жұмыстары еліміздің киелі, сакралды нысандары: Қожа-Ахмет Йассауи кесенесі, Айша-Бибі кесенесі, «Сығанақ» қалашығы, «Бозоқ» қалашығы және Шарын, Қарқаралы, Баянауыл, Бурабай, Ұлытау ұлттық табиғи парктері мен мемориалды кешендерінде өткізілді.