Атырауда үлескерлердің 650 млн теңгесін қолды еткен құрылыс салушылар қамалды
Күдіктілер әрекеттерінің салдарынан үлескерлер 2 жыл бойы баспана ала алмаған
Атырау қаласының прокуратурасы құрылыс салушылардың заңсыз қызметін тоқтатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Атырау облысында «Nazik group» ЖШС және «Андорра Констракшн» ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Олар тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 млн теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденді деген күдікке ілінді.
Күдіктілер әрекеттерінің салдарынан үлескерлер 2 жыл бойы баспана ала алмаған. Аталған серіктестіктердің құрылтайшылары соттың санкциясымен қамауға алынды.
Өз кезегінде облыс прокуратурасы «әрбір азамат қырағылығын білдіруге тиіс және объективті хабардар болу үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылыс бөліміне немесе басқармасына жүгіну қажет» екенін атап өтті.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.