Оның автокөлігі қылмыс құралы ретінде тәркіленді
Абай облысында алқабилердің қатысуымен аса ірі мөлшерде есірткі сатып алу туралы айыптау үкімі шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Былтыр қараша айында Семей қаласының тұрғыны қала аумағында 100 келі марихуана мен 2 келі гашишті заңсыз тасымалдауға және сатуға тырысқан.
Тәркіленген есірткінің құны 50 миллион теңгеден асты.
Алқабилердің бірауыздан қабылданған пікірі бойынша сотталушы есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау бойынша кінәлі деп танылды.
Биыл 10 тамызда Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылып, автокөлігі қылмыс құралы ретінде тәркіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.