×

Ақмола облысында тұрғындар зират қоршауын ұрлаған

Олардың бұл қылмысқа не үшін барғаны анықталды

 Қымбат Елтайқызы 12.05.2022 | 17:30
фото: polisia.kz

Ақмола облысында зираттан қоршау ұрлаған екі адам ұсталды, деп мәлімдеді ішкі істер министрлігі.

«Бурабай ауданының криминалдық полицейлері бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты. Биылғы 30 сәуірде Бурабай ауданының полиция бөліміне Златополье ауылының 60 жастағы тұрғыны 26-29 сәуір аралығында белгісіз біреулердің православие зиратынан шойын қоршауларды ұрлағаны туралы айтып, жүгінді. Жедел-іздестіру шаралары барысында қаскүнемдердің кім екені белгілі болды. Олар бұрын сотталмаған Щучинск қаласының 29 және 39 жастағы тұрғындары болып шықты. Ұрылар ұрланған заттарды металл қабылдау пунктіне тапсырған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді», – дейді ІІМ.

Қазір қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүруде. Олардың ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама