Halyq Uni логотип
×

Жол апатына себеп болған жылқының иесі жауапқа тартылды

Ол автокөлік иесіне материалдық шығын төлейтін болады

 Динара Амантай 13.09.2023 | 12:45
Жол апатына себеп болған жылқының иесі жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Павлодар облысында қараусыз жүрген жылқы жол апатына себеп болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 8 қыркүйекте сағат 00:40-та Атамекен – Курчатов республикалық маңызы бар автожолында қараусыз жайылып жүрген жылқылардың кесірінен жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан көлік жүргізушісіне моральдық және материалдық залал келтірілді. Полиция қызметкерлері жылқы иесін анықтады. Ол Баскөл ауылының 50 жастағы тұрғыны болып шықты.

Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі («Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан әрекет») бойынша әкімшілік хаттама жасалып, оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Алайда айыппұлдан басқа, жылқы иесі автокөлік иесіне материалдық шығын төлейтін болады, – деді Май ауданы полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Жұмабаев.

Айта кетсек, тек осы Май ауданы бойынша жыл басынан бері қараусыз жайылып жүрген малдың 80-нен астам иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама