Шығын 500 миллион теңгеден асады
Шығыс Қазақстан облысында ұрлықпен айналысқан қылмыстық топтың іс-әрекеті тоқтатылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2 жылдан астам уақыт облыс кәсіпорындарының бірінің тауарлық-материалдық құндылықтарын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың іс-әркетіне тосқауыл қойды. Шығын 500 миллион теңгеден асады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері 20-дан астам тінту іс-шараларын жүргізді. Оның нәтижесінде заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ күдіктілер, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен белсенді мүшелері соттың санкциясымен қамауға алынды.