Дүние-мүлкі мен жақындарынан айрылған жұртқа 15 мың рубльден бөлу уәде етілді
Ресейдің Красноярск өлкесінде төтенше жағдай режимі жарияланды. Атап айтқанда, 7 мамырда ондағы оннан астам ауданда біраз елді мекен өртене бастаған болатын. Қаза тапқандар бар.
Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт электр желісінің қатты желден зақымдануынан кейін немесе отты абайсыз пайдалану салдарынан таралуы мүмкін. Соның салдарынан дүние-мүлкі мен жақындарынан айрылған жұртқа жергілікті билік үйлерді қалпына келтіріп, әрқайсысына 15 мың рубльден (99 271 теңге) бөлуге уәде берген.
Алғашқылардың бірі болып Красноярск өлкесінде Шарыпов муниципалды округінің Никольск ауылы өртенді. Бастапқыда кенттің 15 ғимараты бірден жалынға жұтылған.