Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында 19 тұрғын бруцеллезбен ауырып жатыр

Биыл өңірде ауырған мал саны бойынша былтырғы көрсеткішке 337 бас қосылған

 Еркеғали Болатұлы 12.09.2023 | 16:39
Қарағанды облысында 19 тұрғын бруцеллезбен ауырып жатыр
фото: t.me/TheDairyNews

Қарағанды облысында адамдар арасына бруцеллез ауруы тарап жатыр.

Биыл 2022 жылмен салыстырғанда, ауырған мал саны – 337 басқа артық. Инфекция Шет, Абай, Ақтоғай, Нұра және Бұқар жырау аудандарында тіркелді, – деп мәлімдеді облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Қарағанды облысының 19 тұрғыны бруцеллез жұқтырған. Эпидемиологиялық тексеру барысында адамдар арасында бруцеллезді 61,8% жағдайда сүт пен сүт өнімдерін термиялық өңдеусіз пайдаланғаннан, тексерілмеген жерден сатып алғаннан жұқтырған. 38,2% жағдайда жануарларын күту кезінде санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерді бұзып, жануарларды уақтылы зертханалық тексеруден өткізбеген.

«Сыртқы ортадан алынған сынамаларда бруцеллез қоздырғыштары 13,2% сүт өнімдерінен, 25% жемнен анықталды», – деп атап өтті ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама