Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Қызылордада полиция суицид жасамақ болған 57 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлады Polisia.kz.
10 қыркүйекте таңғы 07:00 шамасында 102 нөміріне 49 жастағы қала тұрғыны хабарласып, отбасында жанжал болғанын айтқан.
Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері үйдің ауласын тексеру барысында өз-өзіне қол салмақ болған 57 жастағы тұрғынға көмек көрсетті. Осылайша, Бақытбек Рүстембекұлы, Қазбек Дамир атты тәртіп сақшылары адамды өлімнен құтқарып қалды.
Бүгінде тұрғын ауруханада жатыр. Оның денсаулығын дәрігерлер бақылауға алған.