Halyq Uni логотип
×

Қызылорданың 57 жастағы тұрғыны өз-өзіне қол салмақ болған (ВИДЕО)

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Дәурен Ерболат 12.09.2023 | 14:27
Қызылорданың 57 жастағы тұрғыны өз-өзіне қол салмақ болған (ВИДЕО)
фото: Halyq Uni

Қызылордада полиция суицид жасамақ болған 57 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлады Polisia.kz.

10 қыркүйекте таңғы 07:00 шамасында 102 нөміріне 49 жастағы қала тұрғыны хабарласып, отбасында жанжал болғанын айтқан.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері үйдің ауласын тексеру барысында өз-өзіне қол салмақ болған 57 жастағы тұрғынға көмек көрсетті. Осылайша, Бақытбек Рүстембекұлы, Қазбек Дамир атты тәртіп сақшылары адамды өлімнен құтқарып қалды.

Бүгінде тұрғын ауруханада жатыр. Оның денсаулығын дәрігерлер бақылауға алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама