Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында аудандық аурухана әкімшілігі сыйақыларды заңсыз тағайындаған

Квазимемлекеттік сектордың комплаенс-офицерлеріне тиісті ұсыныстар жіберілді

 Динара Амантай 12.09.2023 | 12:08
Жетісу облысында аудандық аурухана әкімшілігі сыйақыларды заңсыз тағайындаған
Фото: Halyq Uni

Ақсу орталық аудандық ауруханасының комплаенс-офицері аурухана әкімшілігінің сыйақыларды заңсыз есептеу фактілерін анықтаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес («Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы») мемлекеттік басқару органдары тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен ұйымдар басшыларына сыйлықақы беруге құқылы. Бұл ретте заңнамада сыйлықақының несие бойынша берешегі болмаған кезде ғана тағайындалатыны көрсетілген.

Алайда несиелік берешегі болған күннің өзінде, белгіленген тыйымға қарамастан, аудандық аурухананың бірқатар қызметкеріне кезең-кезеңімен бірнеше рет сыйақы тағайындалып отырған, – делінген Антикор хабарламасында.

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық денсаулық сақтау басқармасына аталған жағдай бойынша хабарлап, квазимемлекеттік сектордың комплаенс-офицерлеріне тиісті ұсыныстар жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама